World News

Атырауда төрт жасар бала септикке құлап, қаза болды

Атырауда төрт жасар бала септикке құлап, қаза болды

Атырауда төрт жасар бала жекеменшік балабақшада септикке құлап, қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайғылы оқиға 10 шілдеде Құрсай шағынауданында болған. Бала арнайы қызметтер жеткенше қаза болған.

Қалалық Полиция департаменті бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

"Қазіргі уақытта кешенді тергеу амалдары басталды, сот-медициналық сараптама тағайындалды. Басқа мәліметтер тергеу мүддесі үшін жарияланбайды", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net