World News

Алматыда заңсыз көші-қон легі анықталды

Алматыда заңсыз көші-қон арнасының жолы кесілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы прокуратурасына сілтеме жасап.

Қала прокуратурасы жүргізген тексеру шеңберінде Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан және Грузия азаматтарының заңсыз көші-қон легі анықталды.

"Шет ел азаматтарының ел аумағына заңсыз келуіне, жалған құжаттар бойынша тұрақты тұруға рұқсат алу негіз болған.

5 маусымда Наурызбай аудандық сотында ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен Наурызбай ауданының прокуратурасы бастаған соталды тергеп-тексеру бойынша айыптау үкімі шығарылды. Кінәлі адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды", - делінген хабарламада.

Әдетте заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, жалған фирмалар арқылы жүзеге асырылады.

"Қазіргі уақытта прокуратураның қадағалау актісі бойынша мемлекеттік кіріс органдары, жалған фирмалардың мемлекеттік тіркеуін жарамсыз деп тану жұмыстарын жүргізіп жатыр".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net