World News

Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қазақстанда 15 шілдеден бастап темекі қымбаттайды

Қазақстанда темекінің ең төменгі бөлшек сауда бағасы көтеріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мәліметінше, 15 шілдеде "Сүзгісі бар, сүзгісі жоқ темекілерге, папиростар мен сигариллаға және қыздырылатын темекі бұйымдарына ең төменгі бөлшек бағаны белгілеу туралы" өзгертілген бұйрық күшіне енеді.

"Мынадай ең төменгі бөлшек бағалар қолданылатын болады: сүзгісі бар, сүзгісі жоқ 20 (жиырма) папиростар, сигариллаларға және қыздырылатын темекі бұйымдарына 2024 жылғы 15 шілдеден бастап 31 желтоқсанды қоса алғанда - 820 теңге, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап - 870 теңге", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net