World News

ҚМА мемлекетке 40 миллион теңгеден аса залал келтіру дерегі туралы хабарлады

ҚМА Астана "Олимпиадалық емес түрлер бойынша спортты дамыту дирекциясы" КММ-да бюджет қаражатын жүйелі түрде ұрлау дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мәселен, 2021-2022 жылдар кезеңінде ҚММ лауазымды тұлғалары оқу-жаттығу жиындарын өткізуге бөлінген бюджеттік қаражатты жымқырған.

"Іс жүзінде жиындар өткізілмеді, жаттықтырушылар спортшылардың жүріп-тұруы және тамақтануы туралы жалған есептер тапсырды. Заңсыз әрекеттерден мемлекетке келтірілген залал сомасы 40 миллион теңгеден асады. Осы факт бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр, күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК 201-бабының талаптарына сәйкес өзге де мәліметтер жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net