World News

Қамбар батыр

Бұрынғы заманда бір жарлы уақ деген ел бар екен. Сол уақта он төрт жасар Қамбар деген бала құлан, киік атып беріп, елін асырап жүреді екен.

Уақ елінің жел жағында алты күншілік жерде Әзімбай деген ханның елі бар екен. Ол ханның он екі жасар Назым сұлу деген қызы бар екен.

Бір күні Әзімбайға бір жақсы көретін уәзірі келіп сөйлейді. Сөйлегенде не дейді:

— Әзімбай сынды ханымыз. Ақылға диқан данамыз. Құлақ салып тыңдаңыз. Он екі жасар Назымның бекер күнін өткізіп, күйеуге неге бермейсің?

Сонда Әзімбай он ақ үй тігіп, жұртын жиып айтты:

— Кімге қызым тиемін десе, соған қалыңмалсыз беремін, — деді....

Читайте на 123ru.net