World News

Шайтан мен Алдардың айтысқан сыры

Түлен, Құлан, Алдар — үшеуі жортып жүріп, бір жерге келіп, дем алады. Дем алып отырып, әңгімелеседі.

— Дүниеде біздей жан болсайшы! Еш нәрседен қорықпаймыз, дегенімізді істейміз, — дейді Алдар шайтандардан сыр ұрлағысы кеп.

— Айта көрме. Еш нәрседен қорықпаймызың не? Біріншіден, Құдай қазақтың қамшысынан сақтасын. Екіншіден, инедей жердің тікенінен сақтасын. Бұларды көрсек, көрінім жерден қашып жүреміз. Кәпірдің бетін аулақ қылсын! — дейді Түлен мен Құлан отырып.

— Жарайды, сабаздарым, — дейді ішінен Алдар.

— Әлде сен еш нәрседен де қорықпайсың ба? — дейді шайтандар отырып Алдарға.

— Айта көрме, ойбай! Қорықпайдың не? — деп, Алдар ыршып түседі.

— Неден қорқасың?...

Читайте на 123ru.net