World News

Алматы-Астана тасжолында жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар

Қарағанды ​​облысында Алматы-Астана тасжолында (Алматы-Екатеринбург) жолаушылар автобусы мен жеңіл көлік жол апатына ұшырады, үш адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жантүршігерлік оқиға тасжолда болған. 14 шілдеде жол апатынан бес адам қаза тапты. Оқиға орнынан түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде пайда болды.

Ресми деректерге сүйенсек, 17 шілдеде таңғы сағат алты шамасында Ақсу - Аюлы кентінен бес шақырым жерде орналасқан Алматы - Екатеринбург тасжолында Chery Tiggo көлігі мен Красноярск - Шымкент арасында қатынайтын Van Hool маркалы автобус жол апатына ұшырады.
Кадрларға қарағанда, көлік бөлшектері жол бойына шашылып қалған.
Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі
Жантүршігерлік оқиға салдарынан Chery Tiggo көлігінің жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, тағы үш жолаушы мен автобус жүргізушісі ауруханаға жеткізілді. Оқиға кезінде автобуста 51 адам болған.

"Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды, тергеу жүргізіліп жатыр. Айта кету керек, жазғы кезеңде тек Алматы - Екатеринбург тасжолы арқылы күн сайын 33 мыңға дейін автокөлік өтеді. Экипаж нарядтарының тығыздығы 22 экипажға дейін ұлғайтылды. Қарағанды облысының аумағында жоғарыда аталған автокөліктердің екі жүргізушісін де патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатып, жол қозғалысы ережелерін сақтау туралы ескерткен. Өкінішке қарай, автокөлік жүргізушілері полицейлердің ұсыныстарына құлақ аспады", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Облыстық полицейлер жолаушылар автобусының жүргізушісін жол қозғалысы ережелерін сақтау керек екенін ескерту үшін тоқтатқан сәтте тасжолда түсірілген кадрларды көрсетті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net