World News

Қырғызстан президентінің інісі ұсталды

Қырғызстан президентінің інісі ұсталды

Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың інісі Улан Жапаров ұсталды. Ол ірі көлемеде алаяқтық жасады деген күдікке ілінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Vesti.kg мәліметіне сілтеме жасап.

Бішкектің Первомайский аудандық соты берген ақпаратқа сәйкес, сот 21 маусымда Бішкек бойынша МҰҚК ММ тергеушісінің өтінішін қанағаттандырып, Ұлан Жапаровты 19 тамызға дейін қамауға алуға шешім қабылдады.

Қолда бар мәліметтер бойынша, Жапаровты Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті ұстады. Ол Қырғызстан президентінің өкілетті өкілін облыстардың біріне тағайындауға уәде беріп, ол үшін 100 мың АҚШ долларынан астам сыйақы алды деген күдікке ілінді. Алайды ол уәдесін орындамаған.

Еске салайық, бүгін Қырғызстан МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиевтің туысы ұсталғаны туралы ақпарат пайда болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net