World News

«Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына нақты көмек көрсетуді жалғастыруда. Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын. Бұл ретте Ассамблея шын мұқтаж жандарға көмектесуде. […]

Сообщение «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлердің тұрғындарына нақты көмек көрсетуді жалғастыруда.

Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын.

Бұл ретте Ассамблея шын мұқтаж жандарға көмектесуде. Тұрғын үйлерді халықтың әлеуметтік осал топтарына, асыраушысынан айырылған, құқық белгілейтін құжаттарында мәселелер туындаған немесе жеке тұрғын үйі жоқ көпбалалы отбасыларға алып беруде.

Бұл жолы ҚХА мүшелері мен меценаттарының қаражатына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындғаы баспанасынан айырылған отбасыларға үй сатып алынды.

Атырау облысы Құлсары қаласындағы  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған Дауылбаевтар отбасы қоныс тойын тойлады. Табиғи апат салдарынан балалар баспанасыз қалған еді.

ҚХА қолдауының арқасында Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының тұрғындары  үш балалы ерлі-зайыптылар Артур Сатиев пен Марал Беркінғалиеваның отбасы да жаңа баспанаға ие болды.

Марал Беркінғалиева Бәйтерек аудандық ауруханасында медбике, ал жолдасы Артур Сатиев аудандық ветеринарлық стансада қызмет етеді. Бұған дейін жалдамалы пәтерде тұрған отбасы Қазақстан халқы Ассамблеясы мүшелеріне шын жүректен алғысын білдірді.

Осыған дейін ҚХА қолдауының арқасында Ақмола және Қостанай облыстарының ауылдық аймақтарынан тағы бірнеше отбасы жаңа баспанаға ие болды.

Табиғи апаттың алғашқы күндерінен бастап ҚХА арнайы республикалық «Жүректен жүрекке» жобасын қолға алды. Барлық облыстардағы Достық үйлерінде штабтар, волонтерлік орталықтар мен гуманитарлық көмек қабылдау пункттері ұйымдастырылды.

12 мыңнан астам ҚХА еріктілері зардап шеккен тұрғындар мен  құтқарушыларға көмек көрсетіп, су тасқынына қарсы іс-шараларға қатысты. Осы акция аясында апат аймақтарына жалпы сомасы 770 миллион теңгеге жуық сомаға 1500 тоннадан астам азық-түлік пен ең қажетті тауарлар жеткізілді. Керекті құрылыс материалдарымен қамтамасыз етілді.

 «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей, Ассамблея мүшелері мұқтаж жандарға қол ұшын созып, су тасқынынан зардап шеккендерге барынша қолдау көрсетуді жалғастыра береді. Бұл халқымыздың қандай қиындықта да бірлігі мен ынтымағын ыдыратпағанын дәлелдейді.

Сообщение «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net