World News

ДСМ онкологиялық науқастарға арналған дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне қатысты сынға жауап берді

ДСМ онкологиялық науқастарға арналған дәрі-дәрмек жетіспеушілігіне қатысты сынға жауап берді

Денсаулық сақтау министрлігі онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге қатысты "Қазақстан халқына" қоры сынына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онкологиялық және онкогематологиялық аурулармен ауыратын пациенттерді дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Денсаулық сақтау министрлігінің басымдығы болып табылады.

"Дәрі-дәрмектерді жеткізудегі кез келген үзілістерді болдырмау үшін ведомство дәрі-дәрмектерді уақтылы беру тетігін анықтады. Ешбір пациент қажетті емсіз қалмайды", - делінген хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігі мәліметінше, облыстық денсаулық сақтау басқармалары мен онкологиялық орталықтар жағдайға мониторинг жүргізеді.

Еске салайық, бұған дейін "Қазақстан халқына" қоғамдық қоры онкологиялық науқастарды дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы маңызды мәлімдеме жасаған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net