World News

Облыс әкімі азаматтарды қабылдады

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев кезекті мәрте азаматтарды қабылдады. Олардың қатарында Тараз қаласы мен Жамбыл ауданының тұрғыны бар.

Азаматтар баспана және жұмыспен қамту, ауыз су тарту, жол, балабақша мен мектеп салу бойынша өтініштерін жолдады. Сондай-ақ өзге де өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын айтты.

Ербол Қарашөкеев азаматтардың өтініш-тілектеріне құлақ асып, барлық сауалдарға толық жауап берді. Әр мәселе мұқият зерделеніп, заң талаптарына сәйкес шешім қабылданатынын тұрғындарға жеткізді.

Сообщение Облыс әкімі азаматтарды қабылдады появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net