Көзін өзі жесін
Бір шалдың соңғы алған жас әйелі болыпты. Шал мен жас әйел қанағаттанып қалай жүрсін, оның да бір жігіті болады екен. Жігіті келіп-кетіп жүретін сияқты. Шалдың ешкілері болады екен, ешкілерін бағып, түске жақын үйіне келсе, баяғы жігіт жүк арасында жасырынып жатыр екен. Әйел шалға келген соң түннен қалған бір ешкінің басын бере қойыпты. Шал басты айналдырып жеп, мүжіп отырса керек, шалдың үш жасар баласы жүк арасында отырған жігіттің көзін көріп қалып:
— Ата! Ата! Көзін-ай, көзін-ай, — деп, қатын баланы «Үндеме, жағың қарысқыр, атаң көзін өзі жесін», — деп, баланы қағып келіп жіберіпті. Қарт баланы қолындағы бастың көзін айтады ғой, —...