World News

Халықтың көз жасы

Бір хан өте қатты ауырып, ауруына ем сұрау үшін елін жинайды. Жиналған жұрт сырқатының не екенін сұрайды. Хан:

— Ішкен асым тоқтамайды, күндіз де, түнде де тиышым жоқ, ұйықтай алмаймын, — депті.

Ханның өзі еліне тізесі батқан, қатал, мейірімсіз, елдің тапқан—таянғанын барымталап, жай жатып алған жуан қарын мес екен.

Жиналған көптің ішінен біреу:

— Сырқатыңның емін таптым, мен айтқандай орындасаң, жазыласың, орындамасаң, сырқатыңның беті жаман, өлесің, — дейді.

Хан орындайтындығын айтқан соң әлгі адам:

— Көздің жасымен денеңді сүрт, көзінен жас ағып тұрған адамның көз жасын ал және ол адамның көзінен жас неге төгіледі екен, оны сұрап, жазып алып отыр,...

Читайте на 123ru.net