World News

Жамбыл облысы ПД бастығы: Жолдағы бір бұзушылықтың жолын кесу арқылы сіз көптеген адамның өмірін сақтап қалуыңыз мүмкін

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин ҚР ІІМ алқасының кеңейтілген отырысынан кейін ҚР Президенті мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеке құрамға жеткізу мақсатында қалалық және аудандық полиция бөлімдерімен кездесулер өткізуде. Тараз қ. ПБ 2-полиция бөлімінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша есеп тыңдалды. Ведомстволық бағынысты аумақта қылмыс 29%-ға азайып, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр […]

Сообщение Жамбыл облысы ПД бастығы: Жолдағы бір бұзушылықтың жолын кесу арқылы сіз көптеген адамның өмірін сақтап қалуыңыз мүмкін появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Арманбек Баймурзин ҚР ІІМ алқасының кеңейтілген отырысынан кейін ҚР Президенті мен Ішкі істер министрінің тапсырмаларын жеке құрамға жеткізу мақсатында қалалық және аудандық полиция бөлімдерімен кездесулер өткізуде.
Тараз қ. ПБ 2-полиция бөлімінің бірінші жартыжылдықтағы жұмыс қорытындысы бойынша есеп тыңдалды.
Ведомстволық бағынысты аумақта қылмыс 29%-ға азайып, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр қылмыстар саны айтарлықтай төмендеген.
Есепті тыңдап, ПД бастығы маңызды мәселелерге назар аударып, бөлімнің жұмысын одан әрі жетілдіру бойынша бірқатар нақты тапсырмалар берді.
Негізгі бағдарлар — ҚР ІІМ алқасында айтылған міндеттер және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тұжырымдама.
Атап айтқанда, жаяу патрульдердің тығыздығын, қоғамдық көмекшілердің санын арттыру, табиғи өрттердің алдын алу бойынша жұмысты ұйымдастыру, су айдындарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету тапсырылды.
— Тұжырымдама халықпен сындарлы әріптестік орнатуға бағытталған. Сіздер азаматтардың өтініштеріне қалай қарайсыздар, полицияға деген сондай көзқарас қалыптасады. Мұның бәрі әрбір жеке қызметкердің жауапкершілігіне байланысты. Учаскелік полиция инспекторы халықпен тығыз жұмыс жасаудағы негізгі бейне болып қала береді. Есепте тұрған тұлғаларды мекенжайлары бойынша тексеру және жергілікті орындарда бақылауды күшейту үшін оларды өздеріне тән емес міндеттерден босату керек, — деді ПД бастығы.
Тағы бір маңызды бағыт — тергеу жұмысының тиімділігін арттыру. Арманбек Баймурзин тұрғындардың қылмыстық істерді сапасыз тергеуге жиі шағымданатынын және қолданыстағы тәжірибеге өзгерістер енгізу қажет екенін атап өтті.

Сообщение Жамбыл облысы ПД бастығы: Жолдағы бір бұзушылықтың жолын кесу арқылы сіз көптеген адамның өмірін сақтап қалуыңыз мүмкін появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на 123ru.net