World News

Қазақстанда 43 градусқа дейін күн ысиды

Синоптиктер 23, 24 және 25 шілдеде Қазақстанда ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдағы күндері Қазақстан аумағының басым бөлігінде төмен атмосфералық қысыммен жаңбыр, найзағай және екпінді жел күтіледі, ал қатты жаңбыр, бұршақ солтүстік-батыста, солтүстікте, 24-25 шілдеде батыста, 25 шілдеде орталығында күтіледі.

"Күндіз ауа температурасы еліміздің шығысында +30+35℃ дейін, оңтүстігінде +38+43℃ дейін, оңтүстік-шығысында +31+37℃ дейін жоғарылауы болжанады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net