Қожанасырдан сөз
Қожанасыр өте қиял әпенді кісі болған екен. Қожанасыр бір күні үйде жатса, патша шақырыпты.
— Менің тісім ауырып қалды, Қожанасыр келіп, тісіме ем қылсын, — депті. Жігіттер келіп:
— Қожеке, жүр, сізді патша шақырады, — депті. Қожа айтыпты:
— Бармаймын, патша өзі келсін және маған керосин май беріп жіберсін, — деп, жігіттерге айтыпты. Жігіттер барып, патшаға айтқан екен Қожа келмеймін дейді, маған май берсін деп, айтып жібереді, — деді. Патша айтты:
— Бір бөтелкеге сиіп, толтырып, Қожаға алып бара беріңдер. Оның май емес екенін білген соң Қожа ашуланып, өзі келеді, онан соң тісімді қаратып алайын, — деді. Жігіттер бөтелкеге сиіп,...