World News

Айдарбек қу

Айдарбек қу ертегісі. Айдарбек қу туралы ертегі. Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», — депті. Елеңдеген бір жігіт:

Айдарбек қу ел аралап жүріп, Шаншардың бір ауылына келіпті. Әлгі ауылдың бір адамы өліп, соны қойып жатыр екен. Айдарбек жаназаға келген Шаншарларға «майлансын-ақ», — депті. Елеңдеген бір жігіт:

— Ой, мынау қалай, қалай сөйлейді? Кісіміз өліп жатқанда, көңіл айтудың орнына майлансын-ақ дегені несі? Өзіне дүре соғып, қып-қызыл қылып жіберсе қайтеді? — дейді.

Айдарбек:

— Иә, қып-қызыл қылсаң, қыларсыңдар. Қолдарың қанданып тұр екен, — деп, жүріп кетіпті.

* * *

Айдарбек сол бетінде Шаншардың бір бай ауылына келеді. Келсе, әлгі ауылдың байы үйде жоқ, бәйбішесінен рұқсат сұрап, қонады. Түнде бәйбіше етті көп асып, күтеді. Сорпа ішерде Айдарбектің сорпасына үпілмәлік деген дәрі...

Читайте на 123ru.net