World News

Астанада ірі құрылыс компаниясының бұрынғы экономисті сотталды

Астанада ірі құрылыс компаниясының бұрынғы экономисті сотталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты аса ірі мөлшерде бірнеше рет алаяқтық жасады деп айыпталған экономистке қатысты үкім шығарды (ҚК-ның 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы).

"Сотталушы К., ірі құрылыс компаниясында экономист бола отырып, "1С бухгалтерия" базасы арқылы контрагенттер тізіміне жұбайының атына ресімделген фирманы қосқан. Содан соң ақша қаражатын аудару мақсатында төлем жасау үшін аталған фирмадан бухгалтерияға жарамсыз шоттар берген.

Осылайша, жұмыстарды орындамай және қызметтер көрсетпей, құрылыс компаниясының шотынан сотталушының жұбайының фирмасының шотына 2022 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында 73,3 миллион теңгеден астам сома және 2022 жылдың мамыр-тамыз айлары аралығында 26,8 миллион теңге аударылған. Құрылыс компаниясына жалпы сомасы 100 миллион теңгеден астам шығын келтірілді", - делінген хабарламада.

Сотта сотталушы кінәсін мойындамады. Алайда, оның кінәсі жәбірленуші өкілінің, куәгерлердің айғақтары, ақша аударымдары туралы мәліметтер, заттар мен құжаттарды қарау хаттамалары, букмекерлік кеңсенің жауаптарымен дәлелденді.

Прокурор айыпты қолдап, соттан бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды сұрады.

"Сотталушының жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жай ретінде оның кәмелетке толмаған балаларының болуы танылды. Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ. Сот үкімі бойынша К. ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды".

Жәбірленуші тараптың жалпы сомасы 100 миллион теңгеден асатын азаматтық талап қоюы - қанағаттандырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net