World News

Алимент бойынша борышкер бас бостандығынан айырылды

Алимент бойынша борышкер бас бостандығынан айырылды

Ақтауда алимент төлемеген борышкер бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Маңғыстау облысының прокуратурасына слтеме жасап.

Ақтау прокуратурасы алимент бойынша берешегі 3 миллион теңгеден асатын А-ға қатысты Қылмыстық кодексінің 139-бабы 1-бөлігімен соталды тергеп-тексеруді бастады.

"Соталды тергеп-тексерудің нәтижесінде қылмыстық іс Маңғыстау облысы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жолданды.

Соттың үкімі бойынша, А-ға 6 ай бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Ақтау прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды асырауға алимент төлемегені үшін ҚР ҚК-ның 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылғанын еске салады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net