World News

ІІМ екі қазақстандыққа іздеу жариялады

ІІМ "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдіктілердің суретін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ішкі істер министрлігі "Qarmet" АҚ-дан ұрлық жасады деген күдікпен аса ірі мөлшерде қылмыстық топпен жасалған алаяқтық дерегі бойынша тіркелген қылмыстық іске байланысты (ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі) іздестіріп жатыр:

Ахметжанов Мирас Қалымбекұлы, 02.04.1987 жылы туған, Абай облысының тумасы, бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".
Чижевский Андрей Александрович, 29.11.1987 жылы туған, Қостанай облысының тумасы. Бұлтартпау шарасы "қамауда ұстау".


"Іздеуде жүрген адамдардың жүрген жері туралы ақпарат болса, ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментіне Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы 1 мекенжайы бойынша немесе 8-705-177-14-19, 8-702-975-62-48, 8-775-299-79-97, 8-7172-72-20-99 телефондары арқылы хабарлауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net