World News

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді

Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді

Қызық әрі пайдалы мақала ✅ Қазақстанда жүргізуші куәлігі мен мемлекеттік нөмірлердің жаңа бағасы бекітілді ⚡ Tengrinews.kz интернет-порталында өзекті тақырыптағы жарияланымдарды онлайн оқыңыз.

ІІМ жүргізуші куәліктерін, көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерді және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілерін дайындау жөніндегі қызметтердің жаңа бағасын бекітті. Бұйрық 2024 жылдың 24 маусымында күшіне енді, - деп хабарлайды Tengri Auto.

Жаңа тәртіпке сәйкес6 құжаттарды дайындау құны (ҚҚС-сыз):

жүргізуші куәлігі - 4 367 теңге;

көлік құралдарын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік - 2 250 теңге;

мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 3 923 теңге (жиынтық үшін);

"ТРАНЗИТ" мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері - 126 теңге.

Сондай-ақ, құжатта құжаттарды дайындау жүйесінің интеграцияланған деректер банкін жинақтау және жүргізу, процестерді есепке алу бойынша жұмысты автоматтандыру, ішкі істер органдары үшін бағдарламалық-техникалық өнімдерді әзірлеу, енгізу және сүйемелдеу құны 747 563 358 теңге мөлшерінде белгіленген.

Читайте на 123ru.net