World News

Қазақстандық судьяға тіл тигізген: ол қалай жазаланды?

Қазақстандық судьяға тіл тигізген: ол қалай жазаланды?

Семей №2 сотында судьяны қорлау түрінде сотты құрметтемеген сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жоғарғы сот мәліметіне сілтеме жасап.

Сотталушы ашық сот талқылауында сот актісін жариялау және оның мәнін түсіндіру кезінде соттың апелляциялық үкімімен келіспей, судьяның атына, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлай отырып, әдепсіз сөздер айтқан.

"Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтары, сотталушының сөзінде ар-намыспен қадір-қасиетті әдепсіз түрде қорлау белгілері расталған сот психологиялық-филологиялық зерттеуінің қорытындысымен дәлелденді", - делінген хабарламада.

Сот істің барлық мән-жайларын ескере отырып, сотталушыға алдыңғы сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру жазасын өтегеннен кейін орындау шартымен 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасын тағайындады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net