World News

Полиция Qarmet-тен жанар-жағармай ұрлағандардың схемасын әшкереледі

Жедел ақпаратты жүзеге асыру барысында Ақмола облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы "Qarmet" АҚ өкілдігінің аумағынан жанар-жағармай материалдарын ұрлау бойынша қылмыстық схеманы жолға қойған адамдар тобының заңсыз әрекетіне тосқауыл қойды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Топ мүшелері өздерінің бұл әрекеттерін ұзақ уақыт бойы жүзеге асырғаны анықталды. Жәбірленуші тараптың мәліметтері бойынша олардың кесірінен кәсіпорынға 50 миллион теңгеден астам сомаға шығын келтірілген.

"Бұдан басқа, "Qarmet" АҚ қауіпсіздік қызметімен бірлесіп, кәсіпорын қызметкерлерінің, оның ішінде күзет қызметінің жанар-жағармай жымқыруға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр. Тінту іс-шаралары барысында ұсталғандардан 5,5 тоннаға жуық дизель отыны, ірі көлемде қаражат және іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Барлық күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Соталды тергеу жүргізіліп жатыр", – деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.


Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net