World News

Мемлекетке ірі залал: Атырау МӨЗ бұрынғы басшысының ісі бойынша тергеу аяқталды

Мемлекетке ірі залал: Атырау МӨЗ бұрынғы басшысының ісі бойынша тергеу аяқталды

Қаржылық мониторинг агенттігі "Атырау мұнай өңдеу зауыты" ЖШС бұрынғы бас директоры Мұрат Досмұратовқа қатысты қылмыстық істі аяқтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Тергеу қызметтік өкілетін қызмет мүдделеріне қайшы пайдалану дерегі бойынша жүргізілген, бұл мемлекетке аса ірі залал түрінде ауыр зардаптарға әкеп соқтырды.

"Мұрат Досмұратов 2022-2023 жылдар аралығында жеткізушінің жеткізілген жабдыққа тиесілі кепілдік мерзімі уақытында АМӨЗ қаражатынан ақшалай қаражатты негізсіз бөліп, жалпы сомасы 1,9 миллиард теңгеге технологиялық жабдықты жөндеу бойынша тиісті шарт жасасты деп күдіктеліп отыр. М.А.Мұратовқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды", - делінген хабарламада.

ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесіндегі өзге де ақпарат жарияланбайды.

ҚР Конституциясының 77-бабының 3-тармағының 1-тармақшасына және ҚР Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабының 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әркім кінәсіз деп есептеледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net