World News

Байден президенттік сайлаудан шығу туралы шешімін түсіндірді

Байден президенттік сайлаудан шығу туралы шешімін түсіндірді

АҚШ президенті Джо Байден халыққа үндеу жасап, сайлау додасына қатысудан неге бас тартқанын түсіндірді. Саясаткердің сөзін жергілікті телеарналар көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Байден демократияны сақтау және "алауды жаңа ұрпаққа беру" үшін президенттік жарыстан бас тартқанын түсіндірді.

Эмоциямен сөйлеген сөзінде Джо Байден демократиялық партияны біріктіруді үлкен игілік деп санайтынын және ол жеке амбицияны құрбан етуді қажет ететінін мойындады.

"Мен бұл лауазымды құрметтеймін. Бірақ мен өз елімді көбірек жақсы көремін. (...) Сіздердің президенттеріңіз болу мен үшін мәртебе болды. Мен күш-қуат жиып, Америка халқының игілігі үшін жұмыс істеуге қуаныштымын", - деді АҚШ президенті.

Эстафетаны жаңа ұрпаққа беру, Байденнің пікірінше, ұлтты біріктірудің ең жақсы тәсілі.

"Америкадағы ең керемет нәрсе - бұл жерде патшалар мен диктаторлар басқармайды. (...) Тарих сіздердің қолыңызда, Америка идеясы сіздердің қолыңызда", - деп қосты ол.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net