World News

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі жабылады

Алматыда Абай даңғылының бір бөлігі жабылады

Алматыда жылу желілеріндегі жөндеу жұмыстары кезінде Абай даңғылы бойында көлік қозғалысына шектеу қойылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

25 шілдедегі сағат 22:00-ден 26 шілдедегі сағат 08:00-ге дейін Алматының Әуезов ауданындағы Абай даңғылы бойында, Алтынсарин көшесінен "Сарыарқа" метро станциясына (Family саябағы) дейінгі ауқымда, батыс бағытта автокөлік қозғалысы жабылады. Шығыс бағытта көлік қозғалысы ашық болады.

"Уақытша шектеулер жылумен жабдықтау желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау шаралары аясында магистральдық құбыржол учаскесінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізіліп отыр. Уақытша қолайсыздықтарға түсінікпен қарауларыңызды сұраймыз", - делінген "Алматы жылу жүйесі" ЖШС хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net