World News

"Балконнан секірмек болған": Алматыда ерлі-зайыпты өрттен құтқарылды

Алматыда 25 шілдеге қараған түні тұрғын үйдің 9-қабаттағы пәтерінен өрт шықты. Өрттен ерлі-зайыпты құтқарылды. Құтқарушылар басқа тұрғындарды да эвакуациялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өртсөндірушілер келген соң 9-қабаттағы пәтер өртеніп жатқаны анықталды. Үш бөлмелі пәтердің балконы, ас үйі өртенген. Тұрғындардың өміріне қауіп төнді. Температураның жоғары болуына байланысты олар сыртқы есіктен шыға алмады. Куәгерлердің айтуынша, олар тіпті балконнан секіруді де ойлаған", - деп хабарлады Алматы ТЖД.

Өртсөндірушілер пәтер иелері - 57 жастағы ер адам мен оның 55 жастағы әйелін құтқарды.

"Көрші пәтерден алты адам да эвакуацияланды. Өрт 02:45-те оқшауланды, 02:54-те жойылды. Медициналық тексеруден кейін құтқарылған жұп үйіне жіберілді", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net