World News

Атамыз — Алаш (І нұсқа)

Атамыз — Алаш әңгімесі. Есте жоқ ескі заманда Сыр бойында 32 рулы елді билеген Қызыл Арыстан деген хан болады. Бұл ханның төңірегінде бес жүз түтін төлеңгіті бар екен. Ол өзінің жасақтары мен төлеңгіттерін бастап соғыс жорықтарына аттанып ырғын олжа, көп тұтқын түсіріп қайтып отырады.

Есте жоқ ескі заманда Сыр бойында 32 рулы елді билеген Қызыл Арыстан деген хан болады. Бұл ханның төңірегінде бес жүз түтін төлеңгіті бар екен. Ол өзінің жасақтары мен төлеңгіттерін бастап соғыс жорықтарына аттанып ырғын олжа, көп тұтқын түсіріп қайтып отырады.

Бір жорықта асқан сұлу бір қыз тұтқын болып қолға түседі, хан бұл қызды алады. Бір мезгіл өткен соң ханның әлгі тұтқын әйелі жүкті болып, тұла бойы түгел ала бір ұл туады. Мұны сұмдық жаман ырымға жорыған хан да, қарашылары да қатты қысылып, қайтерін білмейді. Ханның бәйбішесі «ала» баланы аулақ апарып, Сырдарияның суына тастап жіберіп, құтылуды ұйғарады. Ханның жасауылдары мен бөкеуілдері...

Читайте на 123ru.net