World News

"Қазпошта" қызметіне тексеру: ұрлық пен алаяқтық анықталды

Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті "Қазпошта" АҚ қызметіне тексеру жүргізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тексеру барысында жолданымдарды тіркемеудің 10 мыңнан астам дерегі, 2 мыңға жуық мемлекеттік құқықтық статистиканы бұрмалау, 249-жолданымдарды уақтылы тіркемеу, өтініштерді қарау мерзімдерін бұзудың 94 дерегі және өзге де кемшіліктер анықталды.

Бұдан басқа, "Қазпошта" АҚ пайдаланатын электрондық құжат айналымы жүйесін құжаттау, пайдалану тәртібін реттейтін құқықтық актілер Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің талаптарына сәйкес келмегені анықталды", - делінген хабарламада.

Тексеру нәтижелері бойынша Комитет және оның аумақтық органдары заңдылықтың бұзылуын жою туралы 21 ұсыну енгізді, 20 әкімшілік іс қозғалды. Қадағалау актілерінің қаралу нәтижесінде 48 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке және 20-сы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

"Сонымен қатар, құқық қорғау органдарына хабарланбаған бөтеннің мүлкін ұрлау, сондай-ақ алаяқтық деректері анықталды, осылайша аталған қылмыстық құқық бұзушылықтар есепке алынбай, олар бойынша процестік шешім қабылданбаған", - делінген хабарламада.

Комитеттің бастамасы бойынша, "Қазпошта" АҚ филиалдары арқылы жіберілген сәлемдемелерді ұрлаудың 3 дерегі, сондай-ақ коммуналдық қызметтерді төлеу үшін қабылданған ақшалай қаражатты ұрлау дерегі Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелгені айтылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net