World News

Астанада пышақ ұстаған ер адам тұрғындарды қорқытты

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қолына пышақ ұстаған мас ер адам лифтке кіріп, ғимарат тұрғындарын қорқытты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде тараған кадрларда аяғына әрең тұрған ер адамның лифтке кіріп бара жатқанын, оның қолында пышақ болғанын көруге болады. Бір мезетте есік ашылып, әйел мен бала лифтке кірмек болады, бірақ ондағы жағдайды кқріп, шешімін өзгертіп, баланы алып кетіп қалады.
Астана полиция департаменті ер адамның жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Бұл 46 жастағы астаналық. Құқық бұзушыға қатысты бұзақылық әрекеттері үшін әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді", - деп хабарлады ведомство.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net