World News

Астанада Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасына қатысты сот басталды

Астанада Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасына қатысты сот басталды

Астанада Шымкенттің экс-әкімінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты сот отырысы басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биыл шілдеде әлеуметтік желіде Марат Әйтенов отбасын үйден күштеп шығарып жатқаны туралы видео жарияланды. Видео жұртшылықтың наразылығын тудырды. Нәтижесінде Шымкенттің экс-әкімінің ағасы заңсыз әрекеті үшін ұсталды.

15 шілдеде сот Шымкенттің бұрынғы әкімінің ағасын қамауға алу туралы шешім шығарды. Осыдан кейін оның үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Марат Әйтенов те бұрынғы әйелінің үстінен полицияға арыз түсірген.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net