World News

Алматыда самокат мінген баланы "ГАЗель" қағып кетті: оқиғаның видеосы пайда болды

Алматыда самокат мінген баланы "ГАЗель" қағып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Оқиға көлік камерасына түсіп қалған.
Кадрларда сары самокаттағы кішкентай баланың жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқанын көруге болады. Осы уақытта оны бағдаршамның жасыл түсіне өтіп келе жатқан "ГАЗель" қағып кетеді.
Видеоға пікір білдірген қолданушылар кішкентай баланың самокатты қалай іске қосқаны таңғалдырған.












Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от ЧП | Новости Казахстана и мира???????????? (@zhest_kz)


Полиция мәліметінше, оқиға Алматыдағы Өтепов пен Розыбакиев көшелері қиылысында болған.

"Нәтижесінде бала дене жарақатын алып, ауруханаға жатқызылды. Тергеуге кіріскен Бостандық аудандық Полиция басқармасының қызметкерлері жол апатының мән-жайын анықтап жатыр", - деп хабарлады Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net