World News

Air Astana көзі қызарған жолаушыны не үшін ұшаққа мінгізбегенін айтты

Әлеуметтік желіде Air Astana әуекомпаниясының жолаушысы түсірген видео тарап жатыр. Бойжеткен көзі қызарғандықтан оны бортқа жібермегенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Видеода жолаушы сараптама тапсыруға дайын екенін айтады. Сондай-ақ, көзінің қызарғаныны үшін тасымалдаудан бас тарту туралы анықтаманы көрсетеді.
Air Astana компаниясы 26 шілдеде Алматы-Шымкент бағытындағы KC969 рейсінің жолаушысын неге тасымалдаудан бас тартылғанын түсіндірді. Олардың айтуынша, мас күйде болған жолаушының әрекеті әуекомпания қызметкерлерін алаңдатқан.

"Мұндай мінез-құлық жолаушының денсаулығына қауіп төндіруі және басқа жолаушыларға қолайсыздық тудыруы мүмкін екенін ескере отырып, полицияның желілік бөлімшесінің қызметкерлері кейін тексеру кезінде алкогольдік ішімдіктердің бар-жоғын анықтауға шақырылды. Сараптама қорытындысы бойынша, қанда алкоголь бары расталды", - делінген әуе компаниясының хабарламасында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net