World News

Қазақстанда жанар-жағармай мен газға арналған ваучерлер пайда болуы мүмкін

Қазақстанда халықтың әлеуметтік осал топтары үшін жанар-жағармай және тауарлық газ бағасының өсуін өтеу мақсатында ваучерлер енгізу жоспарланып отыр. Бұл туралы премьер-министрдің ресми сайты хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Олжас Бектенов мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігін арттыру арқылы елімізде өмір сүру сапасын жақсарту жөнінде кеңес өткізді. "Отбасының цифрлық картасын" одан әрі жетілдіру мәселелері қаралды, сондай-ақ "Әлеуметтік әмиян", "Мектепке дейінгі ұйымдарды ваучерлік қаржыландыру" жобалары көрсетілген.

Бүгінде "Әлеуметтік әмиян" арқылы тұрғындарға пилоттық режимде мектептерде тегін және жеңілдікпен тамақтану, дәрі-дәрмек ұсынылады.

"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатып алуға, мүгедектігі бар адамдар үшін оңалтудың техникалық құралдарын сатып алуға атаулы көмек көрсету жөніндегі пилоттық жобаны, сондай-ақ ЖЖМ мен тауарлы газға бағаның өсуін өтеу мақсатында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған ваучерлерді іске қосу қосымша пысықталып жатыр", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net