World News

Алматыдағы жолайырық бір тәулікке жабылады

Алматыдағы жолайырық бір тәулікке жабылады

Алматыда туннель мен жолайырыққа бұрылатын жолдар бір тәулікке жөндеуге жабылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Рысқұлов-Күдерин жолайырығындағы аумақта орташа жөндеу жүргізуге байланысты көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі.

30 шілде сағат 23:00-ден 31 шілде сағат 23:00-ге дейін Биянху көшесінен туннельдің соңына дейін оңтүстік бағытта Солтүстік айналма көшесінде, шығыс бағытта Рысқұлов даңғылынан жолайырыққа бұрылатын жолда және батыс бағытта Кудерин көшесіндегі жолайырыққа бұрылатын жолда көлік қозғалысы толығымен жабылады.

"Бұл аумақты Биянху және Соқпақбаев көшелерімен айналып өтуге болады. Жөнделетін аумақта ескерту белгілері, мердігер ұйым басшысының байланыс нөмірі жазылған стендтер қойылады", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net