World News

Астанадағы Тұран даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылады

Астанадағы Тұран даңғылында көлік қозғалысы ішінара жабылады

Астана Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Тұран даңғылы бойынша Жұлдыз айналымынан Хусейн бен Талал көшесіне дейінгі учаскедегі жол төсеміне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы хабарлайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қозғалыс 29 шілдеден 1 тамызға дейін ішінара жабылады (бұрын жолдың екінші жағы жабылғанын еске саламыз). Бұл ретте автокөлік құралдарының қозғалысы бір бағытта (қала бағытынан әуежай бағытына қарай) жүзеге асырылады", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, жоғарыда көрсетілген схемаға сәйкес Жұлдыз айналымының учаскесі ішінара жабылады.

"Елорда тұрғындары мен қонақтарын қала жолдарындағы кептелістерді болдырмау мақсатында өз маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұраймыз. Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жол-құрылыс жұмыстарын жүргізуге түсіністікпен қарауды сұраймыз".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net