World News

2024 жылғы Олимпиада ойындары: 2 тамызға арналған кесте

Tengri Sport жұма, 2 тамызда Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарында Қазақстан құрамасы спортшыларының жарысқа шығу бағдарламасын дайындады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.12:30 Оқ ату, скит, ерлер арасында біліктілік. Эдуард Ещенко қатысады.12:54 Ескек есу, жекелей, ерлер арасында финалдық жарыс. Владислав Яковлев қатысады. 13:00 Дзюдо, әйелдер арасында 78 келіден жоғары салмақта 1/16 финал. Камира Берликаш пен Adiyasuren Amarsaikhan (Моңғолия) күш сынасады.13:15 Жеңіл атлетика, биіктікке секіру, әйелдер арасындағы біліктілік. Надежда Дубовицкая мен Елизавета Матвеева өнер көрсетеді.14:00 Жүзу, 100 метрге баттерфляй әдісі, ерлер біліктілігі. Әділбек Мусин қатысады.16:30 Семсерлесу, топтық шпага, 1/4 финал. Қазақстан құрамасы Венгрия құрамасымен бақ сынасады.20:22 Бокс, ерлер арасында 80 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ширек финал. Нұрбек Оралбай мен Murad Allahverdiyev (Әзербайжан) жұдырықтасады.21:00 Батутта секіру, ерлер арасында біліктілік. Данил Мұсабаев қатысады.23:00 Бокс, алдын ала кезең, әйелдер арасында 57 келіге дейінгі салмақта 1/8 финал. Карина Ибрагимова мен Ashleyann Lozada Motta (Пуэрто-Рико) жұдырықтасады.00:20 (3 тамыз) Бокс, ерлер арасында 51 келіге дейінгі салмақта ширек финал. Сәкен Бибосинов пен Hasanboy Dusmatov (Өзбекстан) күш сынасады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net