World News

Сәкен Бибосынов ел намысын абыроймен қорғай алмағанына өкініп отыр

Сәкен Бибосынов ел намысын абыроймен қорғай алмағанына өкініп отыр

Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Сәкен Бибосынов Париж Олимпиадасындағы жеңілістен соң сұхбат берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Өкінішке қарай, басты қарсыласымнан жеңіліп қалдым. Осы ойындарға алтын үшін келіп едім. Бірақ қола жүлде де бұйырмады. Шаршы алаңда барымды салдым. Бірақ төреші қолымды көтерген жоқ. Төрешілікке қатысты ештеңе айта алмаймын. Мен тек ринг ішіндегі жекпе-жекке жауап беремін. Қазақ елінің намысын абыроймен қорғай алмадым. Қателіктер кетті. Енді осы кемшіліктермен жұмыс істейміз", - дейді Бибосынов.

Сондай-ақ боксшы өзіне сенім артқан барша жанкүйерге алғысын айтты.

Бұған дейін қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов (51 келіге дейін) 2024 жылғы Олимпиада ойындарының жартылай финалына өте алмаған еді.

Оны медальға бара жатқан жолда өзбекстандық Хасанбой Дусматов тоқтатты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net