World News

Тағы бір жеңілдетілген ипотекалық бағдарлама іске қосылып жатыр

Жаңа бағдарлама бойынша ипотека алу үшін құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тамызда Семей әкімдігі "Отбасы банк" АҚ-мен бірлесіп "Абай жастары" бағдарламасын іске қосады. Бағдарламаға 18-35 жас аралығындағы жастар, соның ішінде жас мамандар мен түрлі салада жұмыс істейтін жас отбасылар қатыса алады", - деп хабарлады Семей әкімдігі.

Қала билігі алдағы бірнеше күнде қатысу шарттарын жариялайды. Құжаттарды қабылдау 20 тамызда басталады.
Былтыр мұндай бағдарлама Семейде өткен. Оның көмегімен 41 отбасы баспаналы болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net