World News

Демеу Жадыраев қырғызстандық әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға өтті

Демеу Жадыраев қырғызстандық әлем чемпионын жеңіп, жартылай финалға өтті

Грек-рим күресінен Қазақстан командасының мүшесі Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасының жартылай финалына өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Olympic.kz мәліметіне сілтеме жасап.

Жазғы ойындардың ширек финалында Жадыраев әйгілі қырғыз балуаны, екі дүркін әлем чемпионы Ақжол Махмұдовты жеңді. Есеп - 3:1.

Грек-рим күресінен 77 келі салмақта сынға түсіп жатқан Демеу Жадыраев енді Олимпиаданың ақтық сынына өту үшін бар күшін салады.

Оның жартылай финалдағы қарсыласы енді анықталады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net