Болған істің бір қайыры болады
Бір патшаның ақылды уәзірі болыпты. Патша оны жоғары бағалап, қайда барса да қасынан екі елі қалдырмайды екен. Патшаға бір қолайсыздық жағымсыз жағдайлар болса, ол әрдайым «Бұның да бір қайыры бар шығар» деп көңілін аулайды екен. Бірде патша бір саусағын қатты жаралап, оны кесіп алып тастауға мәжбүр болыпты. Уәзірі оған «Бұның да бір қайыры бар шығар» деген үйреншікті сөзін айтыпты. Алайда патша осы жолы «Бұның несі жақсы, бұның не қайыры бар?!» деп бұлқан-талқан ашуланыпты. Уәзірді зынданға қамауға бұйырыпты. Уәзір: «Бұның да бір қайыры бар шығар» депті.
Біраз уақыт өткесін патша аңға шығып түз тағысын қуудың қызығына түсіп, өзінің күзетінен алысқа...