World News

Екі астаналық автобустың бағыты өзгерді

Қабанбай батыр даңғылындағы жөндеу жұмыстарына байланысты Астананың екі автобусының бағыты өзгерді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін № 18, 37 маршруттардың қозғалыс сызбалары уақытша өзгертілді", - делінген City transportation systems (CTS) хабарламасында.

Хабарламаға қоса берілген схемада бұрын Қабанбай батыр бойымен жүретін автобустар енді Тұран даңғылымен айналып өтетіні көрсетілген.

CTS елорда тұрғындарынан маршруттарын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net