World News

Бүгін ауа райы қандай болады?

Қазгидромет 20 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, жаңбыр жауады, найзағай бар. Күндіз қатты жаңбыр жауады, бұршақ жаууы мүмкін, найзағай кезінде қатты жел болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады секундына 9-14 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 19-21 жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 26-28 градус.

Шымкентте көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 29-31 жылы.

Ақмола облысында жаңбыр мен найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр жауады, күндіз бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 9-14 метр, облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м / с дейін жетеді, ауа температурасы түнде 11-16, күндіз 17-22 жылы. Көкшетауда көшпелі бұлт күтіледі, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 жылы.

Жетісуда жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың шығысында 19, облыстың таулы аудандарында 8 жылы, күндіз 25-30, облыстың таулы аудандарында 22 жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 28-30 жылы.

Түркістан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың оңтүстігінде 20, күндіз 29-34, облыстың таулы аудандарында 26 жылы. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 31-33 ыстық.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 27-32 градус. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 27-29 жылы.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғып, солтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 15-20, күндіз қатты ыстық 30-35 градус. Атырауда жауын-шашынсыз. Оңтүстік-батыстан соғып, түнде солтүстік-шығысқа ауысатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 31-33 ыстық.

Маңғыстау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 18-23, облыстың солтүстік-шығысында 13, күндіз 32-37, облыстың батысында 29 жылы. Ақтауда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 29-31 жылы.

Ақтөбе облысында түнде облыстың солтүстігінде, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 13-18, облыстың солтүстігінде 10, күндіз 25-30, облыстың солтүстігінде 22 жылы. Ақтөбеде бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыс, солтүстіктен жел соғады, екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 25-27 жылы.

Түнде Қостанай облысының батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстік-шығысында жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 21-26 жылы. Қостанайда көшпелі бұлт, таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 12-13, күндіз 21-23 жылы.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз жаңбыр жауады, облыстың оңтүстігінде, батысында, солтүстігінде найзағай ойнап, бұршақ жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман түседі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 19-24 жылы. Петропавлда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады, найзағай ойнайлы. Түнде және таңертең тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні түнде 5-10, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 жылы.

Түнде Павлодар облысының солтүстігінде, батысында жаңбыр, найзағай, күндіз жаңбыр, найзағай, облыстың солтүстігінде қатты жаңбыр, бұршақ жауады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 22-27 жылы. Павлодарда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай ойнайды, екпінді жел болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 23-25 жылы.

Қарағанды облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, кейде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз солтүстікте, шығыста, облыстың орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 20-25, облыстың оңтүстігінде 29 жылы. Қарағандыда көшпелі бұлт, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, дауыл, екпінді жел соғады. Батыс, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14, күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 21-23 градус.

Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жаңбыр жауады, кейде қатты жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жауады. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз солтүстікте, шығыста, облыстың орталығында екпіні 15-20 секундына метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың батысында 21, күндіз 20-25, батыста, облыстың орталығында 28 жылы. Жезқазғанда көшпелі бұлт, жаңбыр жауады. Күндіз қатты жаңбыр, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ, қатты жел, екпінді жел. Батыс, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 26-28 жылы.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде жаңбыр, найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың шығысында 8, күндіз 25-30, облыстың шығысында 21 жылы. Өскеменде көшпелі бұлт, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 жылы.

Күндіз Абай облысының батысында, солтүстігінде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, батыста, солтүстікте, облыстың орталығында 15-20, күндіз екпіні секундына 23 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың оңтүстігінде 18, күндіз 25-30 жылы. Семейде бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік, оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні түнде секундына 5-10, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 28-30 жылы.

Күндіз Қызылорда облысының орталығында аздаған жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстік, солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні секундына 9-14 метр, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 15-20, күндіз 28-33 жылы. Қызылордада бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 17-19, күндіз 30-32 жылы.

Жамбыл облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аудандарында 8, күндіз 27-32, облыстың таулы аудандарында 22 жылы. Таразда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 30-32 жылы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net