World News

Терроризммен күрес жөніндегі жедел штаб оралдықтарға ескерту жасады

Батыс Қазақстан облыстық терроризмге қарсы жедел штабы 21 тамызға қатысты Орал тұрғындарына үндеу жолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Биыл 21 тамызда Орал қаласының аумағында терроризмге қарсы күрес жөніндегі Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының қолдауымен терроризмге қарсы жоспарлы жедел-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіледі", - делінген хабарламада.

Оқу-жаттығуларға байланысты 15:00-ден 18:00-ге дейін Деркөл кентінің ауданында автокөліктер мен халықтың қозғалысы шектеледі.
Орал тұрғындары мен қонақтарынан қозғалыс маршруттарын алдын ала түзетуді, тыныштықты сақтауды және құқықтық тәртіп қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды сұралды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net