World News

Жол апатынан 664 бала жарақат алған: Алматы полициясы тұрғындарға жүгінді

Жыл басынан бері 664 бала жол-көлік оқиғасынан жарақат алған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы полициясы оқу жылы басталар алдында жолдардағы балалар жарақатының алдын алуға байланысты қала тұрғындарына жүгінді. Полиция жол-көлік оқиғасының себебі балалардың жолда жүріс-тұрыс ережелеріне қатысты білімі мен дағдыларының жетіспеушілігі екенін алға тартты.
Жыл басынан бері Алматыда балалардың қатысуымен 623 жол-көлік оқиғасы болып, бір бала қаза тауып, 664 адам жарақат алды.

"Баланың жоғалған бір өмірі - біз үшін, бүкіл қоғам үшін үлкен трагедия. Бұл статистика алаңдатады және тағы да ересек тұрғындарға жүгіну үшін негіз бола алады: балаларыңызды қорғаңыз, оларды жолды дұрыс кесіп өтуге үйретіңіз, скутерлер мен мопедтердің рульіне отыруға жол бермеңіз, мінез-құлықтың дұрыс үлгісін көрсетіңіз", - деді Алматы қаласы Әкімшілік полиция басқармасының бастығы подполковник Асхат Құлбаев.

Полиция оқу жылына дайындық жүргізіп жатыр. Арнайы топ "балалардың жол қауіпсіздігі" бағдарламасына сәйкес мектептердің жанында орналасқан учаскелердің жарақтандырылуына тексеру жүргізді.

"Жергілікті полиция қызметінің саптық бөлімшелері оқуды бастаған сәттен бастап мектептерде қызмет атқаратын, жол қозғалысын үйлестіретін және оқушыларға жолдың дұрыс өтуіне көмектесетін патрульдік нарядтарды орналастыруды әзірледі. Ал бірінші сынып оқушылары үшін дәстүрлі түрде полиция қызметкерлері ЖҚЕ білімі бойынша оқыту сабақтарының циклін өткізеді", - деп атап өтті подполковник Құлбаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net