World News

Көкшетау әкімі қызметінен босатылды

Көкшетау әкімі Бауыржан Ғайса қызметінен босатылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Осы жылдың 20 тамызында Ақмола облысы әкімінің өкімімен Бауыржан Сейітқалиұлы Ғайса Көкшетау қаласының әкімі қызметінен босатылды.Әкімнің міндеттерін уақытша қала әкімінің орынбасары Гүлмира Темірболатқызы Шұқатова атқарады", - делінген хабарламада.

Бауыржан Ғайса 1972 жылы 8 тамызда дүниеге келген.
Челябинск мемлекеттік аграрлық университетін, Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетін, Польшаның Кутне қаласындағы мемлекеттік жоғары экономикалық мектебін бітірген.1994-2013 жылдары – жекеменшік салада жұмыс істеген.2013-2014 жылдары - "Nur Otan" (Amanat) партиясының Көкшетау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.2014-2016 жылдары – "Nur Otan" (Amanat) партиясының Ақмола облыстық филиалы төрағасының орынбасары. 2016-2018 жылдары - Көкшетау қалалық мәслихатының хатшысы.2018-2019 жылдары – Қорғалжың ауданы әкімі.2019 жылдың 10 сәуірінен бастап – Ақмола облысы әкімі аппаратының жетекшісі болған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net