World News

Солтүстікте бұршақ, оңтүстікте ыстық: 23 тамызға ауа райы болжамы

Қазгидромет 23 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14, күндіз 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 19-21 жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 18-20, күндіз 30-32 ыстық.

Шымкентте жауын-шашынсыз, аспан ашық Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 33-35 ыстық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net