“Заңның аты - заң“. Бишімбаев ісіндегі судья эксклюзив сұхбат берді
Бишімбаев ісіндегі судья Айжан Құлбаева Tengrinews.kz редакциясына эксклюзив сұхбат берді.
Ең алдымен судья өзі жайлы қысқаша мәлімет берді. Құлбаева Түркістан облысының тумасы, ол Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің түлегі. Еңбек жолын әділет басқармасында бастап, кейіннен ол мекеме соттар әкімшілігі болып ауысқан. Бастапқыда қарапайым қызметкер болып еңбек етіп, артынша судья болу үшін емтихан тапсырған.
"Мен судья болғым келетін. Сот жүйесіне түсіп, судьялардың жұмысының маңыздылығын түсіндім. Бала күнімнен армандайтынмын. Судья мамандығы қиындығы мен маңыздылығымен баурап алды", - дейді судья.
Сонымен қатар судья Бишімбаевтың сот процесі кезінде жасалған қоқан-лоқылар туралы айтты.
"Қазір күзет алынып тасталды, бірақ менің білуімше, бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр. Тергеу барысын айта алмаймын. Бұл сұраққа тергеу органдары жауап бере алатын шығар. Мені көшеде танып жатады, ондай жағдайда өзімді ыңғайсыз сезінемін", - дейді судья.
Судья Қуандық Бишімбаевқа қатысты процесс қаншалық маңызды екенін айтты.
"Бұл процесс қоғамның құқықтық, коммуникативтік сауаттылығын арттырғаны сөзсіз. Адамдар процесс қалай өтетінін көріп, бұл заңның әр тарауын жатқа білуді талап ететін ұзақ әрі қажырлы еңбек екенін түсінді. Адамдар сот жүйесіне бір табан жақын болды деп ойлаймын. Сот жүйесіне деген сенім арта түседі деп сенемін", - дейді Құлбаева.
Сондай-ақ судья адам тағдырын шешу оңай емес екенін айтады.
"Әрине, ол да бір жауапкершілік. Үлкен стресс деп айтпас едім, бірақ әрбір іс - біреудің, оның отбасының, жақындарының тағдыры. Бірақ заңның аты - заң", - дейді судья.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!