World News

БҚО-да жантүршігерлік жол апаты болды: ер адам көлік салонында өртеніп кетті

Батыс Қазақстан облысында тасжолдағы апаттан кейін ер адам автокөлік салонында өртеніп кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 1 қыркүйекте сағат 13:20-да Бөрлі - Ақсай - Жымпиты автожолында болған. БҚО полиция департаменті мәліметінше, 23 шақырым жерде екі көлік соқтығысқан.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Volkswagen Passat жүргізушісі көлікті басып озу үшін қарсы жолаққа шығып Subaru көлігімен бетпе-бет соқтығысқан", - деп хабарлады полиция.

Жол апатынан кейін Volkswagen көлігі өртенген. Салонда жүргізуші болған. Сонымен қатар, апат орнында Subaru жолаушысы қайтыс болды.
Жүргізуші және әртүрлі жарақат алған үш жолаушы ауруханаға жатқызылды. ЖКО дерегі бойынша соталды тергеу жүргізіліп жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net