World News

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті

Ақтауда қоқыс көлігі жарылып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.Құтқарушылар мәліметінше, бүгін, 7 қыркүйекте күндіз сағат 12:01-де Мұнайлы ауданындағы "Әйгерім" мейрамханасының маңындағы жолда қоқыс таситын көліктен өрт шыққаны туралы ақпарат келіп түскен.Өрт сөндірушілер оқиға орнына 12:09-да жетті.Өрт сөндірушілер келгенше 120 литрлік газ баллоны жарылған. Салдарынан жарылыс толқынынан әйнек сынып, 20 метр жерде орналасқан "Ақ жол" азық-түлік дүкенінің баннеріне зақым келген.Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Көлік толығымен өртеніп кетті.Өрт сағат 12:19-да сөндірілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на 123ru.net